Боксшының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екені айтылған еді
Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство екі тараптың өзара татуласқанын алға тартты.
«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды», – делінген министрлік мәліметінде.
Естеріңізде болса, былтыр 18 маусымда Бейбіт Шүменов Астанадағы ірі сауда орталығында қолына баласын ұстаған ер адаммен сөзге келіп, оны соққыға жыққан болатын.