Олимпиада: Футболдан ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Редактор
31.07.2024, 10:43

Мысыр құрамасы С тобында үздік атанып, ширек финалға шықты

Getty Images

31 шілдеге қараған түні топтық кезең қорытындысы бойынша 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атағын сарапқа салатын сегіз құрама анықталды.

ХОК ресми сайтының мәліметінше, жартылай финал жолдамасына таласта Франция Аргентинамен, Испания Жапониямен, Мысыр Парагваймен, ал Марокко АҚШ-пен кездеседі. 

Мысыр құрамасы С тобында үздік атанып, ширек финалға шықты. В тобында Марокко футболшылары ұпай жағынан көш бастады. Ал А және D топтарында Франция мен Жапония мықты екендерін көрсетті.
Ширек финалдық ойындардың барлығы 2 тамыз күні өтеді.

31 шілде күні Қазақстан жанкүйерлері мерген Мария Дмитриенконың гимнаст Милад Карими мен триатлоншы Екатерина Шабалинаның жолына қарайды.

Материалда: