Назым Қызайбай: Колумбиялық спортшыдан есе қайтаруға тырысамын

Редактор
01.08.2024, 23:37

1/8 финалда Назым бразилиялық Каролин де Алмейданы жеңді

Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 50 келі  салмақта Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті. Olympic.kz-ке сұхбат берген спортшы келесі қарсыласқа тыңғылықты дайындалатынын айтты. 

«Олимпиадада ешбір қарсылас оңай болмайды. Бүгінгі бразилиялық спортшы да мықтылар қатарынан. Қуанышқа қарай, жекпе-жекте жеңіске жеттім.

Десе де, еш босаңсуға болмайды. Келесі қарсыласым – колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена. Әлем чемпионатында оған есе жіберген едім. Енді  тыңғылықты дайындалып, есе қайтару керек», - деді Қызайбай. 

Айта кетелік, 1/8 финалда Назым бразилиялық Каролин де Алмейданы жеңді.