Айбек Оралбай кубалық легионер Лорен Альфонсоға есе жіберді
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасында есе жіберген Айбек Оралбайға қолдау білдірді.
Ол өзінің қатарлас досына тілеулес болғанын айтып, өзі үшін Айбектің орны ерекше екенін аңғартты. Бұл туралы балуан әлеуметтік желіде қысқа жазба жариялады.
«Сен біз үшін чемпионсың, бауырым», - деп жазды Ризабек Айтмұқан.
Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының бірінші айналымында Нигерия боксшысы Олайтан Олаорені 5:0 есебімен ұтты. Алайда екінші кезеңде Әзірбайжан атынан сынға түсетін кубалық легионер Лорен Альфонсоға 3:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.
Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ол биыл ақпан айында еркін күрестен 97 келіде ел чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиға есе жіберген. Сондай-ақ, Азия чемпионатында финалға шығып, шешуші белдесуде әлем чемпионы Ахмед Тажудиновке 4:2 есебімен ұтылды.