Жүлде алады деген тағы бір спортшы жанкүйерлерді жерге қаратты

Редактор
02.08.2024, 14:40

Спортшы биіктікке секіруден бақ сынаған

Владислав Семенов

Жеңіл атлетикадан Қазақстан үкілеп үміт артқан спортшыларының бірі Надежда Дубовицкая Париждегі Олимпада ойындарының іріктеу кезеңінен өте алмады.

Спортшы биіктікке секіруден бақ сынаған. Финалға 1,97 метрді бағындырғанда өтетін еді. Яғни топ-12-нің қатарында болуы тиіс Жерлесіміз 1, 83 метрден әрі аса алмады. Келесі мүмкіндігінде 1,88 метрге талпынғанымен, оған да секіре алмады. Сөйтіп, Олимпиада ойындарымен қош айтысты.

Айта кетейік, Надежда Дубовицкая жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы.

Қазақстан жеңіл атлетикадан 2000 жылдан 2016 жылға дейін тұрақты түрде Олимпиададан медаль алып жүрді. 2020 жылы ғана бос қалған едік.