Қазақстан қоржынындағы үш медальдің екеуін дзюдошылар жеңіп алған болатын
Бүгін Париж Олимпиадасында дзюдодан ұлттық командалар арасында бәсеке басталады. Қазақстанның алғашқы қарсыласы – Бразилия құрамасын.
Жарыста алты дзюдошы ел намысын қорғайды. Біздің құрамада татамиге ерлер арасында Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-90 кг) және Нұрлыхан Шархан (+90 кг) белдеседі. Ал, қыздар құрамасында Абиба Әбужақынова (-57 кг), Эсмигүл Куюлова (-70 кг) және Камила Берліқаш (+78 кг) бар.
Командалық бәсеке Астана уақытымен 11:00-де басталып, «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Ал, егер Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге өте алса, онда бұл кезеңдегі жарыс 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасына дзюдошылар бір алтын және бір қола медаль салды. Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. Алайда, бүгін ол екеуі де жарыс жолына шықпайды.