Милад Карими еркін жаттығудан Париж олимпиадасында 5-орын алды

Редактор
03.08.2024, 19:27

Отандасымыз финалдық бәсекеде 14.500 ұпай жинады

Владислав Семенов

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасындың финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады. 

Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль, қоланы Ұлыбритания спортшылары иеленді.