«Бүкіл қазақ тілеуіңді тілеп отыр». Бақыт Сәрсекбаев Нұрбек Оралбайға тілегін жеткізді

Редактор
03.08.2024, 22:13

Сәрсекбаев бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған

ҰОК

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсебаев Парижде жартылай финалға шыққан Нұрбек Оралбайға ағалық ақылын айтты.

«Ағайын, мына бір нәрсені түсінуміз керек. Олимпиада ол әкеңнің төрі емес, ешкім басыңнан сипамайды. Олимпиадаға соғысқа дайындалғандай дайындалып, тас түйін болып баруың қажет. Төрт жылда бір келетін, тек мыңнан бір спортшының өмірінде кездесетін додаға әркім де алтын аламын деп барады. Бұл жерде тең дәрежеде жекпе-жек көрсеттің бе, демек мүмкіндік жоқ. Тек қана айқын басымдылық қажет. Бір емес, екі бас жоғары болсаң ғана жеңісті жұлып алуға болады. Енді үміт Нұрбек сенде! Бүкіл қазақ тілеуіңді тілеп отыр! Бокстың түсіп бара жатқан абыройын көтеріп, бәрімізді бір серпілтіп тасташы!»,- дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Сәрсекбаев бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған еді.
Нұрбек Оралбай жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады. Жекпе-жек 4 тамызда өтеді.