Олимпиадада Қазақстанның туын көтеріп шыққан Ольга Сафронова ең соңғы орын алды

Редактор
04.08.2024, 14:19

Өзге ту ұстаушы Асланбек Шымбергенов те жарысты бірінші айналымда аяқтаған еді

olympic.kz

Париж олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шыққан жеңілатлет Ольга Сафронова мәре сызығын жетінші болып кесті. Бұл жарысқа барлығы жеті-ақ атлет қатысатынын айта кетейік.

Ол әйелдер арасында 200 метрге жүгіруде алтыншы орында келе жатқан, алайда мәре сызығының алдында Швецияның спортшысы оның алдын орап кетті. Осылайша, 23.58 секундпен отандасымыз жетінші орынға жайғасты.

Сафронова енді жұбаныш раундта өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. Енді ол 7 тамызда жарыс жолына шығады.