Әлімхан Сыздықов екінші айналымда қарсыласына жол берді

Редактор
05.08.2024, 19:57

Ол Әзірбайжан балуанынан ойсырай ұтылды

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен жарысты бастаған қазақстандық Әлімхан Сыздықов есе жіберді.

Екінші айналымда әзірбайжан балуанымен белдескен отандасымыз 4:0 есебімен ойсырай ұтылып қалды. Белдесу барысында отандасымыз екі айналымда да әдіс жасап, ұпай иелене алмады. Соңғы секундтарға дейін қарсыласқанымен ол тегеурінді қарсылық таныта алмады.

Әзірбайжан балуаны жартылай финалда төрт дүркін Олимпиада чемпионы Михайн Лопеспен күреседі.

Бұған дейін Әлімхан бірінші белдесуінде Румыния спортшысын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Сондай-ақ, 60 келіде Айдос Сұлтанғали бірінші кездесуде қырғыз спортшысына 6:3 есебімен жол берді.