Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Париж Олимпиадасында балуандар Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жүлдесіз қалды

06.08.2024, 01:34

Олар елге өзге спортшылар секілді құр қол қайтады

olympic.kz

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық қос балуан Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жүлдеден тыс қалды.

60 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шәршенбековке есе жіберген еді. Ал, қырғыз балуаны финалға шығар жолда жапониялық спортшыдан 4:3 есебімен ұтылып қалды. Осылайша отандасымыз жұбаныш белдесуінің мүмкіндігінен айырылды.

Ал, 130 келіде бозкілемге шыққан Әлімхан Сыздықов та Айдостың кебін киді. Оның жолын кескен Әзірбайжан балуаны жартылай финалда кубалық Михайн Лопестен айласын асыра алмай, 4:1 есебімен ұтылды. Тиісінше қазақстандық Әлімхан Сыздықов та Париж Олимпиадасының жүлдесінен үмітін үзді.

Грек-рим күресінен 4 дүркін Олимпиада чемпионы Михайн Лопес кезекті рет финалға шығып отыр. Ол 42 жасында өзінің алтыншы Олимпиадасына қатысып жатыр.

Жарнама
Жарнама