Демеу Жадыраев қырғыздың даңқты балуанын жеңіп, жартылай финалға шықты

Редактор
06.08.2024, 16:11

Белдесудің бірінші айналымында қырғыз балуаны 7:0 есебімен алға шыққан еді

ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда қырғыздың танымал балуаны Ақжол Махмудовты 3:1 есебімен ұтты.

Белдесудің бірінші айналымында қырғыз балуаны төрттағанда ұпай еншілеп, 7:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда Демеудің бапкері наразылық челленджін беріп, нәтижені қайта қарады. Осылайша есеп 1:0 болып қайта өзгерді. Дегенмен, екінші айналымда Демеу мүмкіндігін мүлт жібермей 3:1 есебімен алға шықты. Кездесудің соңғы секундына дейін нәтиже өзгермей, отандасымыз келесі келесі кезеңге өтті.

Айта кететін жайт, Демеу Жадыраев бірінші айналымда Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтқан болатын. Енді ол жартылай финалда Әзірбайжан-Венгрия балуандар жұбының жеңімпазымен белдеседі.