Бүгін Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін бақ сынайды

Редактор
07.08.2024, 09:19

Таэквондо мен велоспорттан қазақстандықтар іріктеу кезеңіне қатысады

ҰОК

Бүгін грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, боксшы Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта финалда алтын медаль үшін сынға түседі.

7 тамыздағы жарыс кестесі:

Байдарка мен каноэде жүзу

13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен жүзу
Бекарыс Рамазан

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең
87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Байдарка мен каноэде жүзу

14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен жүгіру
Сергей Емельянов

15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал
58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)

15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу
Андрей Чугай

Бокс. 01:51. Ерлер. Финал
80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)

Грек-рим күресі. Ерлер
77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)