Алтынға бір қадам қалды. Алжирлік боксшы Иман Хелиф финалға шықты

Редактор
07.08.2024, 12:16

Енді алтын медаль үшін таласта Иман қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады

Дарья Исаева, «СЭ»

Гендерлік тестілеуден өте алмады деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж олимпиадасының финалына шықты.

66 келіде бокстасатын Хелиф жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгті ойсырата ұтты – 5:0. Енді алтын медаль үшін таласта Иман қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады. Шешуші кездесу 10 тамыз күні өтеді, басталуы - 1:51.

Олимпиада ойындарының алғашқы айналымында Хелиф италиялық Анджела Кариниді оңай ұтты. Кездесу небәрі 46 секундқа жалғасты. Бірер соққы алған италиялық бойжеткен бірінші раундтан соң кездесуді жалғастырудан бас тартты. Сонан соң алжирлік боксшы венгриялық Анна Луца Хамориге де еш мүмкіндік қалдырмады. 

Хелифтің күшіне қарап көпшілік оның трансгендер екенін жаза бастаған, алайда боксшының әкесі оның туу туралы куәлігі мен суреттерін көрсетіп, қауесетке нүкте қойды.