Оның орнына жартылай финалда есе жіберген Куба балуаны сынға түседі
Париж Олимпиадасында әйелдер күресінен 50 келіде белдескен үндістандық Винеш Пхогат финалға шыққанына қарамастан жүлдеден тыс қалды.
Оған салмағының асып кетуіне байланысты қатаң шешім шығарылып отыр. Турнир барысында оның салмағы 150 грамға асып кеткен. Енді финалдық сында оның орнына жартылай финалда есе жіберген Куба балуаны Юснейлис Гузман сынға түседі. Ол финалға шығар сында 5:0 есебімен ұтылған еді.
Үнді спортшысының финалдан аластатылуымен қатар оған ешқандай жүлде берілмейді. Дегенмен, Винеш Пхогаттан іріктеу кезеңінде ұтылған балуандар жұбаныш белдесуінде сынға түсіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.