Жас спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасын жүлдесіз аяқтап отыр
Париж Олимпиадасында таеквондадан сынға түскен Батырхан Төлеуғали екінші айналымында есе жіберді.
Ерлер арасындағы 80 келі салмақта жарыс жолына шыққан отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиодан айласын асыра алмады. Ол алғашқы кезеңде 6:0 есебімен артта қалса, кездесудің екінші бөлігінде 2:0 нәтижесімен мүмкіндігін жіберіп алды.
Батырхан Төлеуғали бұған дейін Мали елінің өкілі Исамаель Кулибалиді үш кезеңнің нәтижесі бойынша 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша жас спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасын жүлдесіз аяқтап отыр.