Қазақстан спортына бөлінетін қаржы 10 есе өсті, бірақ нәтиже жоқ – сарапшы

Редактор
13.08.2024, 10:37

Бұқаралық және олимпиадалық спортты дамытудың нақты стратегиясы жоқ

әлеуметтік желі

Zertteu Research Institute директоры, экономист Шолпан Әйтенова қазақстандық спортқа жұмсалған қаржы көлемі мен жалпы жетістіктерді салыстырды.

«Егер 1998 жылдан бергі кезеңді қарастыратын болсақ, спортты қаржыландыру көлемі 10 есе өсті. Алайда бұл еліміздің олимпиадалық спорт түрлеріндегі нәтижелерінің айтарлықтай жақсаруына ықпал еткен жоқ», - деп жазады Шолпан Айтенова.

1996 жылы бүкіл мемлекеттік бюджет небәрі 280 млрд теңге болған кезде Қазақстан 11 медаль жеңіп алды, оның үшеуі алтын болды. Лондон (2012) және Рио (2016) олимпиадалары еліміз үшін табысты болды, онда біздің спортшылар сәйкесінше 15 және 17 медаль жеңіп алды.

«Бірақ, кейіннен допинг дауына байланысты медальдардың бір бөлігі бізден алынып тасталды, ал кейбіреулерін басқа елде қалыптасып, Қазақстан азаматтығын алған спортшылар (2012 - 2, 2016 - 3, 2020 - 2) жеңіп алды. Олимпиада ойындарында жетістіктердің өскені байқалды, бірақ бұл мардымсыз және әсіресе, легионер спортшылардың есебінен өсіп отыр», - деп атап өтті Әйтенова.

Оның пікірінше, соңғы 26 жылда мемлекеттік спорт саясатында бұқаралық және олимпиадалық спортты дамытудың нақты стратегиясы болған жоқ. Бірақ бұл спортқа аз қаржы бөлінді дегенді білдірмейді.

«Балалар мен бұқаралық спортты ата-аналар өз қалталарынан қаржыландырады, бірақ инфрақұрылымды жақсартуға олардың қаражаты жетпейді. Сондықтан біз олимпиадалық спорт түрлерінен айтарлықтай нәтижеге жете алмай келеміз, өйткені спорттағы қаржыландыру нәтижеге бағытталып, ұзақ мерзімді стратегияларға байланысты жүзеге аспайды. 2020-2024 жылдар аралығында Спортты қолдау қоры (Самұрық-Қазынаның спортқа арналған қорларының операторы) олимпиадалық спорт түрлерін қолдауға 10 млрд теңге бөлді», - деп жазады Әйтенова.

Қаржы сарапшысының айтуынша, спортты қаржыландыру туралы ақпараттың бәрін ашық түрде жариялау керек. Сондай-ақ барлық шығындарға аудит жүргізу қажет: легионерлерге қанша ақша жұмсаймыз, командалардың шығындары және тағы басқа.

Спорт инфрақұрылымына және оның аймақтардағы қажеттіліктеріне аудит жүргізу, жергілікті бюджеттерден кәсіби футболды қаржыландыру қаншалықты қажет екенін түсіну керегін айтады.