Қарсыласын уламақ болған шахматшы федерациядан қуылды

Редактор
13.08.2024, 14:53

Шахматшы қыз өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін

Дағыстанның Дене шынықтыру және спорт министрлігі

Дағыстандық шахматшы Әмина Абакарова жарыс кезінде қарсыласы Ұмайғанат Османованы сынаппен уламақ болған. Бұл туралы Дағыстанның Дене шынықтыру және спорт министрі Сажит Сажидов мәлім етті.

Дағыстан спорт министрлігі басшысының айтуынша, мамандар спортшының үстелді сынаппен өңдегенін растады.

«Спортшының бұл әрекетін ақтауға болмайды, сондықтан ол Республиканың шахмат федерациясынан шығарылды. Алдағы уақытта оның әрекетіне құқық қорғау органдары құқықтық баға береді», - деп бөлісті ол ТАСС агенттігіне.

Ол шахматшы қыздың өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2 тамызда Дағыстанда Абакарова ойын кезінде қарсыласы Османованы уламақ болған. Бойжеткен бұл жеке дұшпандығына байланысты импульсивті шешім екенін және шахмат пен турнирге ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Материалда: