Жас спортшы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Александра Трусованың ұзату тойына барды
Ресейге салынған санкцияларға байланысты азаматтығын ауыстырған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жақында Қазақстан азаматтығын алған еді.
Жас спортшы бүгін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік Александра Трусованың ұзату тойына барды.
Александра Трусова өзінің әріптесі Макар Игнатовқа тұрмысқа шыққан. Тойда Самоделкина құрбысын қимай, көз жасына ерік берді.
«Біздің үштіктен кім бірінші болып жылағанын елестетіп көріңізші»,- деп жазды Қазақстан азаматтығын алған спортшы.
Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің күміс жүлдегері, әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері Самоделкина биыл мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған болатын. Оның бұл әрекетіне қатысты Ресейдің спорт қауымдастығы көп сын айтқанымен, қолдаушылар да табылып жатты.
17 жастағы Самоделкина төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын аз спортшының бірі. Ол биылдан бастап әлемдік турнирлерде Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Спортшы шілде айында Қарағандыда өткен ел чемпионатына қатысып, чемпион атанды.