17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалында күрескен екі қазақ балуаны да шешуші кезеңде есе жіберді.
Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда бейтарап спортшы ретінде өнер көрсеткен Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.
Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербайжандық Амрах Амраховқа шамасы жетпеді.