Екі балуанымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын
Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр.
Olympic.kz дерегінше, грек-рим күресінен 48 келіде бақ сынаған Ерасыл Мұсан қола медальға таласады. Ол турнирдің жартылай финалында әзербайжандық балуаннан 1:4 есебімен ұтылды.
Ерасылдың қарсыласы жұбаныш белдесулерінен соң анықталады.
Айта кетейік, Амман кілемінде грек-рим күресінен екі балуанымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.
Алпамыс Болатұлы (55 келі) мен Еркебұлан Анапия (80 келі) турнирдің ақтық сынында қарсыластарға жол берді.