Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 11 легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалды
Бүгін мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Ақордадағы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты.
«Өйткені кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн», - деді Тоқаев.
Еске салайық, Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 11 легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалды. Екеуі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева мүлдем жарысқа қатысқан жоқ.