Нариман Құрбанов Ақордаға неге бармады?

Редактор
27.08.2024, 16:13

Өзге жүлдегерлер Тоқаевтың қолынан наградаларын алды

Ақорда

Ақордада Париж олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция астанасында атой салған спортшылар мен олардың бапкерлерін арнайы қабылдап, мемлекеттік марапаттарды табыстады. 

Дегенмен, саңлақтардың арасында спорттық гимнастикадан қоржынымызға тарихи медальді салған Нариман Құрбановты көрмедік. Осы орайда ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің басшысы Аян Төлегеннің Taspanews.kz -ке берген жауабында Нариманның бұл салтанатты іс-шараға денсаулығына байланысты қатыспағаны айтылған. Ол ауырып қалған. Бірақ, нақты не ауру екені айтылмады.

Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында Париж олимпиадасының күміс жүлдегерінің әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбанов болды. Оған «Парасат» ордені берілді.