Тағы екі дзюдошыға пәтер кілттері табысталды
Дзюдодан Париж Олимпиадасында жүлде алған балуандарға Қарағандыда айрықша құрмет көрсетілді.
«Жеңіс» дзюдо клубының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов 60 келіде чемпион атанған Елдос Сметовке 50 млн, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады. Сонымен қатар, Парижде қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаевқа (66 кг) 15 млн теңге көлемінде қаржы тарту етілді.
Бұдан бөлек, ұлттық құрама мүшесі, «Жеңіс» дзюдо клубының вице-капитаны Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі, аталған клубтың тағы бір вице-капитаны Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлметі пәтер сыйланды.
Париж Олимпиадасынан кейін жүлде алған отандық атлеттерге айрықша құрмет көрсетіліп келеді. «Жеңіс» клубының президенті өткен аптада дзюдодан әйелдер арасында Парижде 5-ші орын алған Абиба Әбужақынова BMW Х3 көлігін сыйлаған еді.