«Біреудің мұрнын бұзған үшін машина, 100 жылқы берді»: Асқар Жұмаділдаев Олимпиада жүлдегерлерін сынады

Редактор
30.08.2024, 11:46

Парижден қазақстандық спортшылар 7 медаль меленген

Ақорда

Белгілі академик, математик Асқар Жұмаділдаев спортшыларға қымбат сыйлық беретін Үкіметті сынады.

Ол «Ой-лайық» подкасында спортшыларға жасалатын жағдай білімді балаларға жасалмайтынына қынжылатынын білдірді.

«Осы жолы да Олимпиадада чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді – бәрін де береді. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге математик балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді? Нағыз бай адам, меценат болса неге математик балаларды қолдамайды? Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкімет те береді, кейін допинг болып шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допинг пайдаланғаны анықталып, бірақ ешқайсысы сыйлығын қайтарған жоқ», – деді ғалым.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан 7 медальға ие болды. Оның біреуі – алтын, үшеуі – күміс, үшеуі – қола. Мемлекет тарапынан чемпион Елдос Сметовке 250 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола медаль иелеріне 75 мың доллар және әрқайсысына пәтер беріледі. Сондай-ақ, оларға демеушілер мен жергілікті әкімдік тарапынан да сый-сыяпаттар жасалып жатыр.