Қазақстан балуандары әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 8 жүлде иеленді

Редактор
04.12.2023, 11:04

Жарысқа барлығы 18 елден 300-ден астам спортшы қатысты

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің әскери спортшылардың орталық клубының мүшелері Бакуде күрестен өткен XXXVI әлем чемпионатында сегіз жүлдеге қол жеткізді. Олардың арасында грек-рим күресі балуаны Аманғали Бекболатов әлем чемпионы атанды.

Отандасымыз 55 келі салмақ дәрежесінде Иран, Ресей, Түркия спортшыларынан басым түсіп, шешуші белдесуде Әзербайжан балуаны Фарида Садиклиді жеңді.

Сондай-ақ, еркін күрестен Рүстем Мырзағалиев (79 кг), Айнұр Әшімова (57 кг) және Ирина Кузнецова (62 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, Нұрсұлтан Азов (125 кг), Мейіржан Әшіров (70 кг), Әділ Оспанов (65 кг) және Дәулет Теміржанов (57 кг) жарыстың қола жүлдегері атанып отыр.

Бакуде өткен жарысқа Қазақстан Қарулы күштерінің командасы еркін және грек-рим күресінен он тоғыз балуан апарған болатын. Жалпы CISM халықаралық әскери спорт кеңесі мен Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған чемпионатқа 18 елден 300-ден астам спортшы қатысты.