Ақжүрек Таңатаровты жұмыстан қуған шенеунік Астанада жоғары қызметке тағайындалды

Редактор
04.09.2024, 00:40

Даңқты балуан Тоқаевтан көмек сұрағанымен, президент оның үндеуіне құлақ асқан жоқ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мекемесінің бас директорының міндетін атқарушы лауазымына Арман Ташметов тағайындалды.

Ол бұған дейін екі жылдай Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Биыл көктемде орнын босатты.

Арман Ташметов көпшіліктің есінде Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты жұмыстан шығаруымен есте қалды. Даңқты балуан Ташметовтің тұсында Жамбыл облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі басшысы болған. Бірақ Ташметов оны 2023 жылдың сәуір айында қызметінен қуады. Сол кезде Таңатаров ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жасаған еді.

Айта кетейік, Арман Ташметов әр жылдары балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде, спорттық клубтар мен Қазақстандағы халықаралық жарыстарды ұйымдастыру дирекцияларында директор қызметін атқарған.