Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Самородов пен Оразов Норвегияға қарсы ойнай ма? Черчесов жауап берді

Редактор
05.09.2024, 12:55

Максим Самородов жуырда ғана Грозныйдың «Ахмат» клубына ауысқан болатын

Серғали Балажан

6 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Норвегияға қарсы матч өткізеді. Осы ойын қарсаңында Қазақстанның бас бапкері Станислав Черчесов журналистермен кездесіп, ойыншылардың дайындығы туралы айтты.

Атап айтқанда, бұған дейін жарақат алып, бірнеше ойынға қатыса алмаған Максим Самородов пен Рамазан Оразовтың алаңға шығу мәселесі сөз болды.

«Максимнің жарақаты Рамазанның жарақатынан ауырлау. Екеуі де құрамаға келді,  жаттығу жасап үлгерді. Жарақатының қандай деңгейде екенін мен нақты айта алмаймын, бүгін кешке дәрігерлер тексеріп, соңғы сөзді сол мамандар айтады. Ойнауға болады десе ертең алаңнан көресіздер»,- деді Черечсов брифинг барысында.

Айта кетейік, Максим Самородов жуырда ғана Грозныйдың «Ахмат» клубына ауысқан болатын. Дегенмен, жарақатына байланысты ол РПЛ-де матчқа қатысқан жоқ.

Рамазан Оразов болса Данияның «Силькеборг» клубында доп теуіп жүр. Жаңа команда сапында қазақстандық шабуылшы бір гол соғып үлгерді.

Жарнама
Жарнама