Паралимпиада: Қазақстандық спортшы финалға шықты

Редактор
05.09.2024, 15:37

Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де өтеді

ҰОК

Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының финалына шықты.

Пара дзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Акмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. 

Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де өтеді.

Сонымен қатар қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиадада SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында финалға өтті. Ол осы көрсеткіші арқылы Азия рекордын орнатты.
Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль – бір алтын, бір күміс және бір қола бар.