Ресейлік басылым Черчесовке отставка туралы ескерту жасады

Редактор
08.09.2024, 19:56

Станислав Черчесовтің болашағына қатысты пікір білдірді

sports24.kz

Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымы Ұлттар лигасында сәтті өткен ойыннан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің болашағына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстанда жұмыс істеймін деген кез келген ресейлік бапкерге сын мен отставкаға дайын болу қажет. Бұл құраманы басқаратын Черчесовке де қатысты. Елде Холанд пен Норвегияға қарсы тең аяқталған ойынды жақсы нәтижеге, тіпті сенсацияға балағандар бар. Сондықтан 9 қыркүйекте Словениямен өтетін ойынға Станислав Черчесов жақсы көңіл күймен аттанды. Бірақ босаңсуға болмайды. Бір-екі рет шалыс басса болғаны, жергілікті футбол қауымдастығы Черчесовті Кержаков пен Парфеновтің соңынан қуып жіберуі әбден мүмкін. Себебі бірқатар БАҚ өкілдері дәл осындай сценарийді болжап отыр», - деп жазды басылым.