Жасөспірім қыздар құрамасы Азия чемпионатынан жалғыз алтынмен оралды

Редактор
10.09.2024, 11:51

63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова топ жарды

ҰОК

Біріккен Араб Әмірліктерінің бокстан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының бір боксшысы ғана чемпион атанды.

2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында 63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова топ жарды. Сонымен бірге, тағы төрт спортшымыз финалға шыққанымен, барлығы күміс медаль иеленді. Тағы алты спортшымыз қола медалға қол жеткізді.

Күміс жүлде:

  • 48 келі. Айым Танкибаева
  • 60 келі. София Ващенко
  • 75 келі. Зарина Толыбай
  • +80 келі. Сабина Жақсылық

Қола жүлде:

  • 46 келі. Мадира Жұмахан
  • 52 келі. Жамиля Болатбекқызы
  • 57 келі. Айғаным Қадырхан
  • 66 келі. Айсұлу Мұхит
  • 70 келі. Камила Оспанова
  • 80 келі. Айдана Убайдұллақызы.