Салтанат Нүкенованың ағасы Ғұсман Қырғызбаевқа ат мінгізді

Редактор
15.09.2024, 12:21

Нүкеновтер отбасы республикалық турнир өткізді

Видеодан кадр

Павлодар облысы Железин ауданында дзюдодан елімізге еңбек сіңірген ұстаз Теміршот Нүкеновтың рухына арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы республикалық турнир өтті.

Жарысқа қонақ ретінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев шақырылды. Теміршот Нүкеновтың ұлы, бір кездері Павлодар қаласының әкімі болған Қайрат Нүкенов спортшыға таза қанды бәйгеге шабатын байтал мінгізді.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкенова осы отбасының қызы. Қайрат Нүкенов марқұмның әкесі Амангелді Нүкеновтің інісі.

Материалда: