Қырғыздар Қазақстан құрамасын көкпардан қарымта беруге шақырды

Редактор
16.09.2024, 11:08

Бұл жарыс «Келісім кубогы» деп аталмақ

24.kg

Жақында Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы көкпар ойыны даумен аяқталған. Қарсыластың нәтижеге көңілі толмай, әлеуметтік желіде біраз наразылық туындады.

Енді Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада қарымта кездесу өткізуді ұсынып отыр.

«Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы тиіс. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады», - деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәжілісінде.

Бұл жарыс «Келісім кубогы» деп аталмақ. Олар 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберген.

Айта кетейік, көкпардан Қазақстан қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жетсе, көк бөріден қырғыздар ірі есеппен ұтты.

Материалда: