Бокстан құрама бапкері Азия чемпионатына баратын құрамды өзі жасақтайды

Редактор
16.09.2024, 12:43

Бас бапкер Қайрата Сәтжанов пікір білдірді

ҰОК

30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.

Бас бапкер Қайрата Сәтжановтың айтуынша, Амманда өнер көрсететін боксшылардың есімдері кейінірек анықталады.

«Команданы жасақтамас бұрын спортшыларды іріктеуден өткіземіз. Жақында Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир  болады. Сол додада Амманға баратын бірнеше салмақтағы боксшыларды іріктеп аламыз. Сонымен қатар, оқу-жаттығуын өткіземіз. Оқу-жаттығу жиыны кезінде спаррингте қалған боксшылардың кім болатыны анықталады», - дейді бас бапкер. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін құрама бапкері ауысқан. Мырзағали Айтжановты Қайрат Сәтжанов алмастырған.

Материалда: