Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ризабек Айтмұхан тағы әлем чемпионатына қатысады

Редактор
17.09.2024, 17:33

Чемпионатқа 23 жасқа дейінгі Қазақстан командасы толық құрамда қатысады

ҰОК

Албаниядағы әлем чемпионатына еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан командасы толық құрамда қатысады. Тиранаға аттанатын спортшылар қатарында ересектер сапында талай турнирдің дуын көрген спортшылар да бар. Одан бөлек, 2023 жылғы әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Ризабек Айтмұхан да қатарда. Ол жақында Испанияда өткен U20 әлем біріншілігінде қарсылас шыдатпаған болатын.

Еркін күрестен Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Руслан Өмірәлиевтің айтуынша, Ризабек жарысқа ешқандай іріктеусіз өткен.

«Әлем біріншілігіне баратын жігіттеріміздің есімі анықталды. Тек бір салмақта кімнің баратыны шешілген жоқ. Негізінен, әлем чемпионатына қатысатын балуандарды Әбілсейіт Айханов турнирінің қорытындысы бойынша таңдадық. Ал Ризабек Айтмұхан еш іріктеусіз барады бұл бәсекеге. Себебі, ол былтыр ересектер, биыл жастар арасында әлем чемпионы болып отыр. Бұдан асқан қандай іріктеу қажет?! 74 келі салмақ дәрежесінде Албанияға кімнің баратынын жаттығу жиынында анықтаймыз. Екі үміткер балуан арасында шешуші белдесу болады», - дейді аға бапкер.

Еркін күрес шеберлерінің жаттығу жиыны екі кезеңге бөлінген. Балуандар алдымен 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында дайындалса, жаттығудың соңғы кезеңі 8-23 қазан аралығына жоспарланған.

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

57 келі: Алан Оралбек
61 келі: Әділет Әлмұхамедов
65 келі: Бекзат Ермекбай
70 келі: Ернұр Нұрғазы
74 келі: Әлі анықталу үстінде
79 келі: Жеңіс Қаныбеков
86 келі: Нұржан Исағалиев
92 келі: Бекзат Аманғалиев
97 келі: Ризабек Айтмұхан
125 келі: Омархан Надиров

Жарнама
Жарнама