Мейрамбек Айнағұлов халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Редактор
18.09.2024, 00:34

Ол Париж Олимпиадасына қатыса алмай қалған еді

olympic.kz

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов Атырауда өткен «Oil Capital Cup» халықаралық турнирінде топ жарды.

63 келіде белдескен ұлттық құрама мүшесі финалда қазақстандық Дастан Зарлықановтан басым түсті. Бұл сын Айнағұлов үшін бір ай ішінде қол жеткізген екінші жүлде болып отыр.

Отандасымыз бұған дейін Ресейдің Новосибирск қаласында өткен халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанған болатын.

Ақтөбе облысының өкілі Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының қатысушы. Сондай-ақ, 2017 және 2019 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс пен қола жүлде иеленген. Ол ел чемпионатында 60 келіде белдесіп, олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.