Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті

Редактор
19.09.2024, 09:32

Келесі шешу матч Жаңа Зеландияға қарсы өтеді

Қазақстан футбол федерациясы

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Ливияны жеңді, есеп – 4:1.

Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін Кака шәкіреттері Испания құрамасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Осылайша 4 ұпай жинаған біздің құрама D тобында екінші орында келеді. Көш басында дәл осыншам ұпай жинаған испандықтар тұр.

Айта кетейік, Испания екінші ойынында Жаңа Зеландия құрамасын 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Енді 21 қыркүйекте Қазақстан Жаңа Зеландиямен ойнаса, Испания мен Ливия өзара кездесу өткізеді.