Талдықорғанда самбо бапкері 14 жасар ұл баланы зорлаған – полиция

Редактор
07.12.2023, 20:41

Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр

көрнекі фотосурет

Талдықорған полицейлері Жетісу облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін 25 жастағы ер азаматты ұстады деп хабарлайды өңірдің Полиция департаменті. 

Еңгезердей ер азамат самбо бапкері болып жұмыс істеген. Зорланған бала – өзінің шәкірті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», - делінген аталған хабарламада.

Аталған іс облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында.