Ол есін жиған сәтте бірден сырасын әкеліп беруді сұрапты
Регбиден Оңтүстік Африка Республикасы мен Аргентина арасындағы матч кезінде тосын жағдай орын алды деп жазады The Sun.
Ойындағы үзіліс кезінде алаңға бірнеше жанкүйер жүгіріп шығып кеткен. Стадион қызметкері олардың бірін тоқтатамын деп регби әдісімен фанатты құлатқан сәтте, ер адам талып қалды. Алаңға дереу медицина қызметкерлері шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Аз уақыттан кейін есінен таңған жанкүйер өзіне келіп, ауруханаға барудан бас тартыпты. Куәгерлердің сөзінше, ол орнынан тұра салып, өзінің сырасын іздепті.