Алмат Кебіспаев Ресейде өткен турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды

Редактор
10.12.2023, 09:53

Қазақ балуаны бүгінде 37 жасқа аяқ басқан

Instagram

Ресейдің Алтай аймағында Анатолий Кишицкий атындағы грек-рим күресінен 42-ші бүкілресейлік турнир аяқталды. Оған Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы сынға түсіп, отандастарымыз 6 медальмен оралды.

Жүлдегерлер арасында Ернар Фидахметов (63 кг), Алмат Кебісбаев (67 кг) күміс жүлдегер атанса, Данияр Қаленов (67 кг), Хапко (72 кг), Қаһарман Қисметов (82 кг) және Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола медальға ие болды.

Турнирде сынға түскен грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев финалға дейін 4 белдесу өткізгенін айтты. 36 жастағы балуан бұл жарыста Қазақстан, Ресей, Қырғызстан балуандарынан басым түскен көрінеді.