«Футболшылардың тәжірибесі жоқ»: Танымал жаттықтырушы Станислав Черчесовке араша түсті

Редактор
14.10.2024, 09:40

Оның айтуынша құраманың 4 рет жеңілуіне Станислав Черчесовтың кінәсі жоқ

championat.com

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Павел Черепанов Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесовтың нәтижелері туралы айтып берді.  Бұл туралы Championat.com-ға пікір берді.

«Егер Қазақстан құрамасының нәтижелері туралы айтатын болсақ, бұл жерде өте маңызды мәселе бар. Қазақстандық футболшылардың ойын уақыты өте аз, өйткені бізде лимит толығымен жойылған. Бұл туралы Черчесов та айтқан еді: құраманың 50%-ы ойын тәжірибесіне ие болмаған. Футболшылардың орындықта отырып функционалды дайындыққа ие болуы мүмкін емес. Мұнда мәселе Черчесовта емес, ол өте қиын жағдайға тап болды. Біреулердің мүлдем тәжірибесі жоқ, ал басқаларының керісінше, тәжірибесі тым көп. Мысалы, „Астана“ ойыншылары. Олар бірнеше ойынды кейінге шегеріп, Чемпиондар лигасы іріктеу матчтарына дайындалуға мүмкіндік алды. Төрт ойын кейінге қалды, ал қазір маусымның соңына жетіп қалдық, екі күнде бір ойнауға мәжбүр. Олар аяғын әрең сүйретіп жүр.

Черчесов бірнеше рет баспасөзде бес қорғаушымен ойнағанда шабуыл шебіміздің әлсірейтінін айтқан болатын, себебі алда ойыншылар жетіспейді. Қарапайым жағдайларда допты жоғалтпайтын футболшылар жоқ. Сондықтан төрт матчта бірде-бір гол соға алмадық», — деді Черепанов.

 

Материалда: