Нұрқанат Серікбаев әскерилер арасында әлем чемпионы атанды

Редактор
16.10.2024, 18:17

Қазақстан құрамасының екі дзюдошысы алтын мен күміс жүлдені иеленді

IJF

Дзюдодан Ташкентте басталған әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионы атанды.

Ол финалда отандасымыз Шерзод Давлатовтан басым түсті. Шешуші сынның негізгі уақытында қос спортшы тең түсіп, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Бұл ретте 60 келіде Қазақстан құрамасының екі дзюдошысы алтын мен күміс жүлдені иеленді.

Бүгін Ташкентте әскерилер арасында дзюдодан басталған әлем чемпионаты 18 қазанға дейін жалғасады. Аталған сынға әлемнің 29 елінен 214 дзюдошы сынға түсіп жатыр.

Материалда: