Дәулет Тұрлыхановты 1,2 миллион долларға алдап кеткен кәсіпкер сотталды

Редактор
18.10.2024, 20:43

Күдікті Тұрлыхановтың көршісі болып шықты

instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановты арбауына түсірген 63 жастағы кәсіпкер Серік Бекқайыров 6 жыл 8 айға сотталды. Бұл туралы Nege.Aqsha каналы мәлім етті. 

Асыл тұқымды жылқы мен автокөлік сатумен айналысқан кәсіпкер Серік Бекқайыров 2013 жылдың жазында Дәулет Тұрлыхановқа барып, асфальт-бетон зауытын салу үшін 1,2 миллион доллар сұраған. Есесіне зауыттың жартысына иелік ететінін айтып, мәміле жасасқан. 

Бекқайыров сот отырысында жәбірленуші Тұрлыхановты 1989 жылдан бері танитынын, олар көрші тұратынын, бірақ одан ешқандай ақша алмағанын айтты. Тіпті, ол соттан депутаттың айғақтарына сыни көзқараспен қарауды сұрап, қазіргі кезде сөзге сеніп, біреу біреуге 1,2 миллион доллар қарыз бермейтінін айтты.

«Тергеу изоляторында жатқанда тергеуші мен Тұрлыхановтың адамдары келіп, мені қорқытып 2 млн доллар талап етті. Бұл айыптар ойдан шығарылған. Әлі күнге дейін маған Дәулет Тұрлыхановтың тарапынан қоқан-лоққы жасалып жатыр», – деді Бекқайыров.

Айта кетейік, бұл істе Роза Рымбаеваның да аты аталады. Ол зәулім үйін күдіктіге сатып, ақшасын ала алмаған.

 

Материалда: