17 жастағы шахматшыға айып тағылды
АҚШ-тың 17 жастағы шахматшысы Кристофер Ю АҚШ біріншілігінен шеттетілді.
Сент-Луистегі (АҚШ) шахмат клубының мәлімдемесіне сәйкес, атақты Фабиано Каруанамен өткен жекпе-жектен кейін 17 жастағы спортшы хаттаманы бұзып, турнир залынан шығып кетіп, оператор әйелдің арқасынан ұрған.
Турнир ұйымдастырушылары оқиға орнына полиция шақырды. Осы оқиғадан кейін жас шахматшы турнирден шеттетіліп, оның нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, оған әйелге шабуыл жасады деген айып тағылды.
Кристофер Юға енді Сент-Луис шахмат клубына кіруге тыйым салынды. Айыпталушы өзінің әрекеті үшін кешірім сұрады.
«Өкінішке қарай, осылай істедім. Каруанадан жеңіліп, өз-өзіме ие бола алмадым. Бұл менің әрекетіме сылтау бола алмайтынын білемін, өте қатты өкінемін. Бұл үлкен қателік, бәрін түзегім келеді, бірақ мүмкін емес. Әйелдің жағдайы жақсы деп үміттенемін. Өз әрекеттерімнің салдарын қабылдаймын», – деді шахматшы.
Біздің серіктес: FONBET