Қазақстандық спортшы қыз сұлулық байқауында жүлдеге ілікті

Редактор
24.10.2024, 21:27

Азия чемпионы Әсел Адамова «Астана аруы» байқауында бақ сынады

instagram.com/fierceadamova

Джиу-джитсудан Азия чемпионы Әсел Адамова «Астана аруы» байқауында бақ сынады.

Байқауда бас жүлде Ясмин Байболоваға бұйырса, бірінші вице-мисс атағын Дарина Байтеңізова, екінші вице-мисс атағын Ария Құсайынова иеленді.

Адамова үшінші вице-мисс атанып, сонымен қатар халықтың дауыс беруі арқылы Miss People’s Choice атағын жеңіп алды.

Адамова джиу-джитсудан халықаралық жарыстардың жүлдегері, ал 2021 жылы Азия чемпионатында топ жарды.

Материалда: