Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның 29 балуаны жеңіліп қалды

Редактор
27.10.2024, 23:29

Жалғыз Ризабек Айтмұқан финалға шықты

UWW

Күрес түрлерінен Тиранада U23 санатында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының 29-шы балуаны жүлдеден тыс қалды.

57 келіде белдескен Алан Омарбек жартылай финалда есе жіберген еді. Алайда, ол қола жүлде үшін күресте ресейлік Юнус Явбатыровқа 6:2 нәтижесімен жол берді.

Алан Омарбек әлем чемпионатының 1/8 финалында грузиялық балуанды ұтса, ширек финалда Моңғолия балуанынан басым түскен еді.

Бұған дейін әлем чемпионатында грек-рим және әйелдер күресі балуандары сынға түсіп, ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады. Күрес түрлері бойынша тек 30 балуанның ішінде Ризабек Аймұқан ғана жүлде алу мүмкіндігіне ие болды. Ол бүгін еркін күрестен 97 келіде финалда Иран балуанымен чемпиондықты сарапқа салады.