Дзюдо сөзін «жудо» деп қолдануымыз керек – спорт сарапшысы

Редактор
31.10.2024, 11:25

Спорт сарапшысы терминдерді түпнұсқадан қайта аудару керегін айтты

әлеуметтік желі

Дзюдо сарапшысы Жандос Қоныспаев спортқа қатысты барлық термин орыс тілінен тікелей енгенін айтып, қазақ тіліне түпнұсқадан аударуды ұсынды.

«Біз Кеңес үкіметінде қалыптасқан дз-дан бастап дзюдо деп айтамыз, бірақ бүкіл әлем жудо деп айтады. Негізгі нұсқасы – жудо, Сонда біз қазақ тілінің емлесіне сай етіп, дұрыс  нұсқасында беретін болсақ, не жудо немесе жюдо деп беруіміз керек. Кеңестік жүйеде дз сөзі қайдан қалыптасқаны белгісіз. Біз «жудо күресі, жудоға балаңды бересің бе?» деп сөйлеуіміз керек», -  дейді Жандос Қоныспаев «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал дзюдо спортының терминдері негізінен жапон тілінде. Яғни, қазақ тілінде баламасы жоқ. Ал эфир жүргізгенде қазақша терминдердің жоқтығы комментаторларға қиындық тудырады.

«Біз орыс тілінде жасалған әдістемемен ғана сөйлейміз. Самбо мектебінің сөзді десек болады. Бүкіл әдістердің барлығы түпнұсқадағы терминнен аударылмаған. Әдісті сипаттау ғана бар. Жапонның түпнұсқасындағы әдістерді қазақ тіліне тікелей аудару керек. Мысалы, тай отоши деген әдіс бар, алдынан шалып құлату әдісі. Бұл сөзді не орысша, не жапонша айта алмайсың. Кеңес үкіметіндегі жарыстарды жеңген Серік ағамыз той отошиды «ауылдағы шалғы әдісін» жасадым деп түсіндірген. Сондықтан осындай қиын әдістерді өзімізде бар дүниемен түсіндіруге болады», - дейді спорт сарапшысы.

Материалда: