Келбет Нұрғазина 2004-2008 жылдары ұлттық құрамада өнер көрсетті
Қазақстандық дзюошы, Бейжің Олимпиадасына қатысушы, бүгінде еліміздің Спорт және дене шынықтыру комитетінде жауапты қызмет атқарған Келбет Нұрғазина Лас-Вегаста (АҚШ) ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ұзақ жылдық үзіліске қарамастан жүлдегер атанғанын жеткізді.
«Спорттағы 16 жылдық үзіліске, тұрмыста шығып, 4 баланы өмірге әкеліп, 8 жыл бойы мемлекеттік қызметте болғаныма қарамастан 2 апта бойы жаттығу жасап әлем чемпионатында жүлдегер атандым. Ардагерлер арасында болса да бұл лайық жеңіс деп санаймын», - деді Келбет Нұрғазина.
Келбет Нұрғазина 2004-2008 жылдар арасында ұлттық құрама сапында 48 келіде табысты өнер көрсетті. Дзюдошы Азия ойындарында қола жүлдегер атанса, әлем кубогында күміс жүлдегер, сондай-ақ, халықаралық маңызда жарыстарда үздік үштік үштікке енді. Ол Бейжің Олимпиадасының алғашқы айналымында Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Фредерик Жоссинені иппонмен ұтқан болатын.