Комиссия аймақтарда сараптама жүргізген
Спорт мектебі басшыларының біліктілігі арнайы талаптарға сай келмейді. Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының отырысында біраз олқылық анықталған. Бұл туралы спорт сарапшысы Аслан Қаженов Instagram парақшасында жазды.
Сала мамандары еліміздің барлық аймағына арнайы барып, 5 бағыт бойынша сараптама жүргізді.
«Мәселен, Түркістан облысында 62 спорт мектебі болса, оның 12-сінде басшысының біліктілігі арнайы талаптарға сай емес. Басқа аймақтарда да осыған ұқсас жағдайлар кездеседі. Бұған қоса біраз жерде аға жаттықтырушылар спорт басқармасының келісімінсіз тағайындалған. Бір спортшыны екі спорттық мекемеге тіркеп, қосымша төлемдер алып жүрген деректер де бар. Бұның барлығы саланың дамуына кәдімгідей нұқсан келтіріп жатыр», - делінген жұмыс тобының ақпаратында.