Ол биылдан бастап ұлттық құрама сапына қосылған болатын
Қазақстан азаматтығын алған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өзінің Instagram-парақшасында қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтты.
Жуырда ғана легионер-спортшы Эстонияда өткен Tallinn Trophy турнирінде ерекше өнерімен көзге түсіп, екінші орын алған болатын.
«Сіздерге қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтам. Мені қолдаған әрбіріңізге рахмет. Эльмира Сарсенгалиевнаға ерекше құрмет және алғыс.
Қазақстан – мен сені жақсы көремін», деп сөзін қазақша аяқтады танымал спортшы.
17 жастағы Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алу туралы шешім қабылдаған. Ал, 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан оған азаматтық берді. Тамызда ол Қазақстан құрамасының сапына қосылды.